"Қазгидромет" РМК ұсынған болжамға сүйенсек, Қазақстанның басым бөлігіне Жерорта теңізі аудандарынан циклон әсер етеді, сонымен жаяу бұрқасын соғып, қар жауады.
"9 ақпанда шығыста қатты қар жауады, оңтүстікте және оңтүстік-батыста қар аралас жаңбыр жауады. Елдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында көктайғақ болжанды"."Қазгидромет" РМК
Ауа температурасы:
- түнде батыста және шығыста 13-21 градусқа дейін;
- солтүстікте 20-28-ге дейін;
- орталықта 15-26 градус аязға дейін;
- күндіз батыста 7-12-ге дейін;
- күндіз солтүстікте 15-20-ға дейін;
- күндіз шығыста және орталықта 10-18 аязға дейін төмендеуі болжанды.