Сарапшы 2026 жылы алаяқтардың туристерді қалай алдайтынын түсіндірді
Сурет: freepik
Сарапшы Сергей Золотухиннің айтуынша, алаяқтар жалған сайттар мен "тиімді" көрінетін ұсыныстарды пайдаланып, адамдардың ақшасы мен банк карталарының деректерін иемденеді. Бұл туралы "Лента.ру" басылымы жазды.
Оның сөзінше, қаскөйлер әуе компанияларының, теміржол тасымалдаушыларының және танымал брондау сервистерінің жалған көшірме сайттарын жасайды. Мұндай сайттар іздеу жүйелеріндегі жарнама, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер, соның ішінде қысқа видеолар арқылы таратылады.
"Алаяқтар туристік компаниялардың, әуе және теміржол тасымалдаушыларының, билет сататын танымал сервистердің жалған сайттарын жасайды. Оларға апаратын сілтемелер іздеу жүйелеріндегі нәтижелерде, мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі жарнамаларда, сондай-ақ YouTube пен TikTok-тағы қысқа видеолар арқылы таратылады. Бұдан қорғану үшін билеттерді тек ресми мобильді қосымшалар арқылы және өзіңіз бұрын пайдаланған сенімді сервистерден сатып алған жөн", – деді Золотухин.
Сарапшы билеттер мен турлардың күмәнді түрде тым арзан болуына, сондай-ақ чаттар мен арналардағы "жедел" ұсыныстарға ерекше сақ болуға шақырды. Оның айтуынша, кең таралған тәсілдердің бірі – жалған экскурсиялар: алаяқтар тез төлем жасауды талап етіп, кейін із-түссіз жоғалады.
Сонымен қатар, алаяқтар жол ақысын төлеуге, қонақүй брондауға және баспана жалдауға арналған жалған сайттар да жасайды. Пайдаланушыларға жалған қарыз барын көрсетіп немесе қызметтерді өте арзан бағамен ұсынып, олардың банк деректеріне қол жеткізеді.
Сарапшы тек ресми қосымшаларды және сенімді брондау сервистерін пайдалануға, сондай-ақ іздеу жүйелеріндегі жарнамалық сілтемелерге өтпеуге кеңес береді. Бұл фишингтік шабуылдардан сақтануға көмектеседі.
Бұған дейін 2026 жылдың жазында қандай киім трендте болатыны туралы да хабарланған еді.