Олар 2022 жылдан бастап облысқа келіп жүрген уақыттан бері Петропавл тұрғындарын өз ұйымдарының өміріне тартып, “жанның тазаруы болады” деп уәде берген.
Осы ұйымға адамдарды ізбасарлар мен мессенджерлер арқылы тартқан. Қылмыскерлер – 42 жастағы ер адам мен 60 жастағы әйел — Я.Гашек көшесіндегі жалдамалы пәтерде ұсталды.
Күдіктілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 489-бабының 10-бөлігі (Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
"Осы баптың 10-бөлігінде тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiне қатысу туралы жазылған", – дейді СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.
Аталған баптың санкциясына сәйкес бұл үшін 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салу көзделген. Бұл ұйым Ресей Федерациясында тоталитарлық деп танылып, бүкіл аумағында оның әрекетінен тыйым салынған. Қазіргі уақытта құқық бұзушылардың заңсыз әрекеттерін одан әрі тексеру жүргізіліп жатыр.