Түркиядағы жер сілкінісі: Димаш Құдайберген концертінен түскен қаржының бір бөлігін аударады

Cурет: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген жеке концерттерінен түскен қаражаттың бір бөлігін Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге аударады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақ халқына бауырлас, ағайын ел болып саналатын Түркияда, Сирияда және басқа да мемлекеттерде табиғаттың залалынан дүние салып жатқан адамдардың саны мыңнан асып кетті деген хабарды естідім. Әрине, зор күйзеліспен қабылдап отырмыз. Барлық дүние салған адамдардың жақындарына шын жүректен қайғыра көңіл айтамыз. Ауыр халде күй кешіп жатқан көршілес бауырларымыздың тезірек сауығып кетуін тілейміз", - деді қазақстандық әнші.

Әнші әлем бойынша ұйымдастырлып жатқан жеке кештерінен түскен қаражаттың бір бөлігін зардап шеккен отбасыларға көмек ретінде аударатынын айтты.

"Командама тапсырма бердім. Енді толық ақпаратты Dimashnews сайтынан өздеріңіз бақылап отыра аласыздар. Әр отбасыға аманшылық тіледім. Аспанымыз ашық, әлем атты ортақ үйіміз апат пен зілзаладан аман болсын. Елімізде, әлемде тыныштық болсын! Бейбіт заман болсын! Барлық әлем халқы бақытты болсын!", - деді Димаш Құдайберген.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі