Жамбыл облысының тұрғындары боранда қалғандарды үйіне түнетіп жатыр

Сурет: unsplash
Жамбыл облысында дүлей боранда жолда қалып қойған жолаушылардың өмірін жергілікті тұрғындар сақтап қалды. Көліктері үрінді қардың құрсауында қалғандарды ауыл азаматтары құтқарып, үйлеріне түнеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Майтөбе ауылы маңында 40-қа жуық көлік қар астына қалып қойған. Жолаушылар тіпті көлігінен түсе алмай, үсіп қала жаздаған. КТК телеарнасының хабарлауынша, оларды құтқаруға ауыл тұрғындары атсалысыпты. Мешітке сыймаған 150-ге жуық адамның бір бөлігін тұрғындар үйіне қондырған.

Қазір өңірде боран басылған, бірақ елдімекен көшелерін қардан аршу жұмысы әлі жалғасып жатыр. Демалыс күндері төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен полицейлер 200-ге жуық жолаушыны құтқарған.  

"Құтқару жұмысы Жуалы, Сарысу, Талас ауданында жүргізілді. Жалпы 180 адам құтқарылды , оны 14-і бала. Қар құрсауынан 25 техника жол шетіне шығарылды. Айша бибіде қалып қалғандарға жергілікті атқарушы органдармен үш жылыту пункті ұйымдастырылды. 500-ден астамына ыстық тамақ пен шай берілді". Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Руслан Шәриев

Еске салайық, 11 ақпанда Жамбыл облысындағы тас жолда 400 көлік пен 30 жолаушылар автобусы жиналып қалғанын хабарлаған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді