Шекара қызметінің директоры қаңтар оқиғасы жөнінде: Ешбір шекарашы қызметінен шеттетілген жоқ

Сурет: Zakon.kz
Сенат кулуарында Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов қаңтар оқиғасынан кейін Ұлттық қауіпсіздік қызметінде жүргізілген тазартудан кейін Шекара қызметінде тексеру жүргізілді ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ерлан Алдажұманов Шекара қызметіне жетекшілік ететінін, тек өз ведомствосына ғана жауапты екенін атап өтті.

"Комитет үшін жауап бере алмаймын, өйткені мен бүкіл ҰҚК бойынша жауап беретін уәкілетті адам емеспін. Шекара қызметі бойынша мынаны айта аламын, сіз айтқан ҰҚК-нің бұрынғы басшылығын мемлекетке опасыздық жасады және мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет жасады деп айыптау параметрлері бойынша бір де бір адам қызметтен шеттетілген жоқ. Еш жерде шекарашыларға сұрақ болған жоқ". Ерлан Алдажұманов

Сондай-ақ ол Жамбыл облысында әскери қызметкердің қазасына қатысты пікір білдірді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 1 қараша

Канело Кристиан Мбиллиді жеңіп, бокстан әлем чемпионы атағын қайтарып алды

Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады