Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 17 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, солтүстік-батыс циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелердің әсерінен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады - қар жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашын түседі ( қар, жаңбыр).

Синоптиктердің болжамынша, тек елдің солтүстік-шығысында, шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, батыста, солтүстік-батыста, бұрқасын соғады, ҚР оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында көктайғақ болады.

Түркістан облысында таңертең және күндіз оңтүстікте, батыста, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр, күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанды.

Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз қар жауады. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 6-8 аяз.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар). Шығыстан соғатын желдің күші 3-8 м/с болады. Ауа температурасы түнде 1-3 аяз, күндіз 5-7 жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15-20, кейде 23 м/с болады. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 8-10 жылы.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: