Қазақстандық боксшы әлемнің үздік 10 боксшысының қатарына енді

Сурет: Instagram/sultanzaurbek
Сұлтан Зәуірбек Дүниежүзілік бокс ұйымының нұсқасы бойынша үздік ондыққа енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Зәуірбек Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) рейтингі бойынша үздік боксшылардың ондығына көтерілді. Жаңартылған тізім 2023 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша жарияланды.

Айта кетейік, Сұлтан Зәуірбек жеңіліссіз қалып отыр. 13 жекпе-жек өткізген ол бірде-бір рет қарсыластарынан жеңіліп көрмеген.

Батыс Қазақстан облысының боксшысы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы деп танылды. Спортшы бұл атақты өткен жылдың тамыз айында жеңіп алған болатын. Қараша айында ол Дензел Бентлимен жекпе-жекте өз мәртебесін растады. Жеңіс төрешілердің біртұтас шешімімен берілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді