Алматы зообағы ерекше кеміргішті көрсетті

Сурет: Zakon.kz
Алматы хайуанаттар бағының мәліметінше, дегу – ерекше тиіннің бір түрі. Бұл жануар басқа тиіндер сияқты аса танымал емес, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зообақ өзінің Instagram-дағы парақшасында дегу атты кеміргішті көрсетті. Оның түр-түсі де бірден көзге түсе бермейді.

"Дегудің тағы бір басқа атауы – Чили тиіні. Дегулар негізінен Оңтүстік Амераканы мекендейді. Көбіне қорек іздеп ауылшаруашылық жерлеріне, егістік алқаптарға шабуыл жасайды. Сондықтан олар фермерлердің жұмысына едәуір шығын келтіреді. Бұл кеміргіштердің 8 өткір тісі бар. Негізінен күндіз белсенді тіршілік етеді. Олар дүниеге келгенде тістері аппақ болады, кейін уақыт өте келе қоңыр түске ауысады", - делінген Алматы хайуанаттар бағының Instagram-дағы парақшасында.

Дегулер 15-ке жуық түрлі дыбыс шығара алады. Олардың дауысы сол сәттегі көңіл-күйлеріне, мінез-құлықтарына байланысты құбылып тұрады.


Алматы хайуанаттар бағында дегулер бар. Оларды зообақтағы экзотариум бөлімінен көруге болады.

Қызықты
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Канело Кристиан Мбиллиді жеңіп, бокстан әлем чемпионы атағын қайтарып алды