Найзағай, жауын-шашын, көктайғақ: 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМҚ синоптиктері 14 өңірде қолайсыз ауа райына дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысында көктайғақ болады. 

Қарағанды облысыда жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Шымкентте жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түсіп, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 

Астанада 24 ақпанда жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болады, екпіні 15-20 м/с жететін жел соғады.

Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын, жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақмола облысында да жаяу бұрқасын, екпіні секундына 23-28 метрге дейін жететін жел соғады.

Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Желдің екпіні секундына 25 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0-3 градус жылы, күндіз 2-7 градус жылы. 

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Желдің екпіні 23 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде 0-3 градус жылы, күндіз 4-9 градус жылыға дейін көтеріледі. 

Павлодар облысында бұрқасын, қөқтайғақ болады. Желдің екпіні - 15-20 м/с. 

Қостанай облысында жаяу бұрқасын, тұман. Екпіні 25 м/с болатын жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

Жамбыл облысында тұман түседі. Мұнда да екпіні 25 м/с болатын жел соғады. 

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: