Қазір республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында патрульдеу жұмысы күшейтілді. "ҚазАвтоЖол" бөлімшелері тәулік бойы, екі ауысымда жұмыс істеп жатыр.
24 ақпан сағат 13.30-дағы жаңартылған ақпаратқа сай, 6 өңірде ауа-райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 23 учаскесі әлі де жабық тұр. Жол қозғалысы шектелген тасжол учаскелерінің жалпы ұзындығы - 2 450 шақырым. Бұл - республикалық маңызы бар автожолдар желісінің 10%-ы.
"Осыған байланысты Ұлттық оператор ауа-райының қолайсыздығы туралы хабарламаларды назардан тыс қалдырмауға шақырады. Жолға шықпас бұрын ауа-райы болжамын нақтылау қажет. Жабық күре жол учаскелеріне шығуға тыйым салынғанын ескерген абзал", - делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.
Республикалық маңызы бар жолдардың жабылуы туралы "ҚазАвтоЖолдың" бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 колл-орталығына қоңырау шалу арқылы білуге болады.