Өңір әкімдіктерінің субсидияға өтініш берген 4 мыңнан астам фермерге берешегі бар

Сурет: pixabay
Қазақстандық фермерлер 1 ақпаннан бастап gosagro.kz порталында жалпы сомасы 17,1 млрд теңгеге субсидия алуға 3 067 өтініш берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 134,6 млн теңгеге өтініш мақұлданып, оның 20 млн теңгесі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге төленді.

Жүйеде "күту парағы" тетігі іске қосылған, онда бюджеттің болуына қарамастан реттік нөмір беріліп, мақұлданған өтініштер келіп түседі.

Осылайша, бюджет фермер тарапынан қосымша іс-әрекетсіз тек "күту парағындағы" өтініштер бойынша автомат түрде бөлінеді. Бұл тәсіл қаражатты бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді және субсидияларды төлеу кезінде адами факторды болдырмайды.

Сонымен қатар өңірлік әкімдіктердің фермерлердің алдында 2022 жылы резервке қойылған 4 025 өтініш бойынша айтарлықтай берешегі бар. Деректер qoldau жүйесінен ауыл шаруашылығы басқармаларының жеке кабинеттеріне көшірілді.

Осылайша, инвестициялық субсидиялау және өнімді қайта өңдеу бағыты бойынша жергілікті әкімдіктер былтырғы қарыздарды өтегеннен кейін ғана жаңа өтініштерді төлеуге көше алады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды