КТК телеарнасының хабарлауынша, СЭС мамандары да "Қарағанды су" мекемесіне қомақты айыппұл салғанымен, жағдайдың өзгермеген.
"Осы құбыр арқылы Қарағанды кәріз суының 70 пайызы өтеді. Ал апаттық жағдайға қосымша құбыр жоқ. Сондықтан ол суды Бұқпа өзеніне жіберуге тура келіп тұр. Соның салдарынан Федоров су қоймасы, Нұра, Соқыр және Бұқпа өзендері ластанып жатыр". Қарағанды тұрғыны Павел Подвыгин
"Қарағанды су" компаниясы кәріз құбырын кезең-кезеңімен әр 100 метр жерін тексеріп жатыр. Ол үшін құбырдың сол аралықтағы лас суы насос арқылы жердің үстімен келесі құдыққа құйылады. Ал бөгелген тұсының суы тегіс сорылып, ішіндегі қоқыс толық тазартылғаннан соң тексеру жүреді екен. Бітеліп немесе құбыр тесілді-ау деген аумақ бір шақырымнан асады.
Әзірше 400 метрге дейінгі жері қаралған. Өйткені көлемі бір жарым метр құбырды тазалап қарап шығу ауыр еңбек пен уақытты талап етеді. Сондықтан компаниядағылар бұл жұмыстың қашан аяқталатынын айта алмады.
Дегенмен СЭС мамандары Бұқпа өзенінен кәріз қалдықтарын тауып, компанияға 5 жарым миллион теңге айыппұл салып үлгерген.
"Ақпан айының басынан бері тексеріп жатырмыз. Біздің коллектордағы су құдықтар арқылы асып, өзенге құйылып жатқан жері жоқ. Су жердің астымен кетуі мүмкін. Бірақ біз оны әлі таппадық. Жұмысшылар коллектордың ішін мұқият қарауда. Осы жұмыстардың арқасында құбырды толығымен тазартып та жатырмыз"."Қарағанды су" ЖШС техникалық директоры Кенжан Дауылбаев