Жексенбіде еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Сурет: pixabay
Күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 28 маусымда күннің соңында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.
Түнде және күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда 28 маусымда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 28 маусымда түнде және таңертең аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт каупі сақталады. Талдықорғанда 28 маусымда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Күннің соңында Ұлытау облысының батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күннің соңында облыстың батысындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 28 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Маңғыстау облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 28 маусымда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада 28 маусымда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 40-42 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың таулы аудандарында жоғары өрт қаупі күтіледі. Шымкентте 28 маусымда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда 28 маусымда күндіз 40-41 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 28 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 28 маусымда күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болмақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 28 маусымда таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 28 маусымда түнде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 28 маусымда күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Абай облысының батысында, оңтүстік-батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт каупі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 28 маусымда күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман болатыны болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 28 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 28 маусымда күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болатыны болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 28 маусымда түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман болатыны болжанады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 28 маусымда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Бұған дейін синоптиктер еліміз бойынша 28 маусымға арналған ауа райының жалпы болжамын жариялаған болатын.