Түркиядағы зілзаладан кейін Алматыда жаңа салынған көпқабатты үйден жер үйге көшкісі келетіндер көбейді

Жаңа салынған көпқабатты тұрғын үйлерде тұратын алматылықтардың үштен бірінен астамы Түркиядағы жер сілкінісінен кейін пәтерден жер үйге көшуді ойластыра бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

OLX.kz онлайн жарнама сервисінің сарапшылары Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін Алматыдағы жылжымайтын мүлік нарығына шолу жасады.

Зерттеу барысында "пәтер" және "үй" санаттары бойынша ұсыныс нарығы шамалы өскені, сондай-ақ бастапқы тұрғын үйлердің шаршы метрінің орташа құны жоғарылағаны анықталды, ал зілзаладан кейін алматылықтар арасында жүргізілген сауалнама  жаңа салынған тұрғын үй тұрғындарының 35%-ы пәтерден жер үйге көшуді ойластырғанын көрсетті.

Сауалнама көрсеткендей, қала тұрғындарының жартысына жуығы жеке секторда тұрады. Ал пәтерде тұратындардың 70%-дан астамы ескі тұрғын үй қорын құп көретінін білдірген.

Жалпы респонденттердің 29%-ы пәтерден жер үйге көшуді ойлаған. Дегенмен, мұндай пікір ескі тұрғын үй қорында тұратындарға қарағанда, жаңа салынған үйлерде тұратын алматылықтар арасында басымырақ екені белгілі болды.

Соған қарамастан, бастапқы тұрғын үйдің шаршы метрінің орташа құны, сирвис мамандарының мәліметінше, Түркияда болған оқиғадан кейін өсіп, 520 000 теңге болды, жер сілкінісіне дейін 500 000 теңге болатын.

Бірақ қайталама тұрғын үй нарығында, керісінше, сәл төмендеді: оқиғаға дейін 610 000 теңге, кейін 600 000 теңге.

Бастапқы және қайталама нарықта пәтерлерді сату бойынша ұсыныстар жойқын жер сілкінісінен кейін қалада бірдей 9%-ға өсті.

Түркиядағы қайғылы жағдайдан кейін Алматыда үй сатып алу үшін іздеу саны 18%-ға, жер үйлерді сату бойынша ұсыныстар саны 11%-ға өсті, қалада бір шаршы метрдің құны орта есеппен 300 мың теңге, яғни 2% өсті.

Түркияда 6 ақпан күні таңертең болған жер сілкінісі соңғы мәліметтер бойынша 43,5 мыңнан астам адамның өмірін қиды. Апат аймағынан 448 мыңнан астам адам эвакуацияланды.


Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: