Қонаев қаласында Алғыс айту күніне орай кең көлемде шаралар өтеді

Сурет: Zakon.kz
Биыл Алғыс айту күні Алматы облысында кең көлемде аталып өтуде. 20 ақпаннан бастау алған мерекелік онкүндік 1 наурызда Қонаев қаласында этностардың мәдениет көрмесі мен фестивалімен қорытындыланбақ.

«Бір мақсат. Бір мүдде. Бір болашақ» тақырыбында өтетін шарада өңірдегі этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлері көпшілік назарына ұсынылмақ. Бұдан бөлек, этномәдени бірлестіктердің концерттік бағдарламасы да ұйымдастырылады.

"Алғыс айту мерекелік он күндігі аясындағы негізгі іс-шаралар 1-наурызда облыс орталығы – Қонаев қаласында өткізіледі. «Рақмет саған, Qazaqstan!» жалпы атауымен өтетін іс-шаралар «Бір ұлт. Бір мақсат. Бір құндылық» этностардың мәдениет көрмесімен ашылады. Толеранттылықтың айқын көрінісі ретінде айшықталатын этностардың мәдениет көрмесі шеңберінде өңірдегі 10-ға жуық этномәдени бірлестік өздерінің ұлттық салт-дәстүрі мен мәдениетінен сыр шертетін жәдігерлерді көпшілік назарына ұсынбақ". Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Жандар Асан.

Мерекелік іс-шаралар аясында «The Spirit of Ethnos» атауымен мәдени фестивалі да өткізілмек.

Сонымен қатар өңірдің өркендеуі жолындағы қажырлы қызметі мен ұлтаралық татулықты дәріптеуге сіңірген өлшеусіз еңбегі үшін бірқатар азаматтар Алматы облысы әкімінің «Алғысымен» марапатталады.

"Мерекенің жаңа жалпыхалықтық және көпшілікке жақын форматын танымал етуге қоғамдық пікір көшбасшылары мен зиялы қауым, әсіресе шығармашылық сала майталмандарын тартуға маңыз беріледі", – деп атап өтті Жандар Асан.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті