Найзағай, жел, жаңбыр: Қазақстанның 15 өңірінде ескерту жасалды

"Қазгидромет" РМК синопиктері сенбі, 11 наурызда республиканың 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысының батысында жаяу бұрқасын соғып, күндіз облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с болады.

Алматы облысының батысында, шығысында екпіні 17-22 м/с болатын жел соғады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың басым бөлігінде тұман түседі. Облыстың солтүстік жартысында жолдарда көктайғақ сақталады. 

Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады. 

Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 2-7, облыстың оңтүстігінде 10 градус жылы болады. 

Абай облысының оңтүстігінде жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында 15-20, Жарма ауданында екпіні 25 м/с. Ауа температурасы күндіз 2-7, облыстың оңтүстігінде 10 градус жылы болады.

Маңғыстау облысының батысында, солүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Жетісу облысында шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні - 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. 

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында екпіні 23 м/с болатын жел тұрады.

Шымкентте таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болатын жел тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың онтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстік жартысында көктайғақ, тұман. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Жамбыл облысының батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: