Соттан тыс банкроттыққа өтініш берген кезде азаматтар нені білуі керек

2023 жылғы 3 наурыздан бастап азаматтардан банкроттық рәсімдерді қолдану туралы арыздарды қабылдау басталды. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті соттан тыс банкроттыққа өтініш берген кезде азаматтар неге мән беру керек екенін мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік кірістер комитеті ұсынған мәлімет бойынша, бүгінгі күні 18 мыңнан астам арыз келіп түсті. Арыздар негізінде е-Gov (94%) және e-Salyq Azamat (6%) мобильдік қосымшасы арқылы түсіп жатыр.

"Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Заңының талаптарына сәйкес, мемлекеттік кірістер органдары 15 жұмыс күн ішінде азаматтың келесі шарттарға сәйкес келуін тексереді:

Тексеріс автоматтандырылған нысанда тіркеуші мемлекеттік органдардың, банктердің және кредиттік бюролардың электрондық деректері базасымен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.

Алдын ала мәлімет бойынша, жекелеген азаматтардың банкроттықты қолдана алмайтындығы келесі себептермен анықталды:

Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтардың телефонына 1414 қызметі арқылы соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту туралы хабарлама жіберілетінін атап өтті.

Егер мұндай хабарлама алынған болса, соттан тыс банкроттыққа қойылған өлшемдерге сәйкес келсе 3 айдан кейін қайта өтінішпен жүгінуге болады.

Бас тарту себептерін жою үшін тиісті уәкілетті органга жүгіну қажет:

Егер борышкерге мүлкінің болуына байланысты соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тартылған жағдайда, ол тұрғылықты жері бойынша аудандық сотқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану үшін жүгінуге құқылы.



Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: