БҚО-да жеті ауданға 16 мектеп салынады

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында елімізде 2025 жылдың соңына дейін 1000 мектеп салынуы тиіс.

Президент тапсырмасына сай мектептердегі орын тапшылығын жою, апатты деп танылған нысандар мен бейімделген мектептер мәселесін шешу мақсатында Батыс Қазақстан облысында біраз жоба жүзеге асуда. Биыл «ҚПО б. в.» компаниясының әлеуметтік міндеттемелері шеңберінде жаңа 15 мектеп және жергілікті төтенше жағдайлар резерві есебінен 1 мектеп салынады. Былтыр 2 мектептің құрылысы басталса, 2023 жылы 14 ғимарат бой көтереді. Құрылыс жобалары аяқталған соң өңір бойынша 1700-ге жуық оқушы жаңа мектеп табалдырығын аттамақ.

«ҚПО б.в.» компаниясының демеушілігімен салынатын мектептерді атап өтсек:

2022 жылы Қаратөбе ауданындағы Шалғын ауылын су басқаны мәлім. Соның салдарынан ауылдағы білім ошағы жарамсыз болып қалды. Ескі ғимарат орнына Шалғын ауылында жергілікті төтенше жағдайлар резерві есебінен 60 орындық шағын жинақты мектептің құрылысы жүргізілуде.

Жоба шеңберінде 108 орындық әр мектептің құрылысына – 1 миллиард, ал 54 және 60 орындық әр мектепті салуға – 800 миллион теңге шамасында қаражат жұмсалады. Құрылыс мерзімі – 7 ай.

Мектептер аумағында бір қабатты оқу корпусы және онымен жапсарлас оқу, спорт және акт залы бар ғимарат салынады. Құрылыс жобасы бойынша жалпы білім беру үдерісіне сай оқу нысандары қарастырылған. Мәселен, ғимаратта оқу залы бар кітапхана, ұлдарды металл және ағаш бұйымдарын жасауға баулитын оқу-өндірістік, қыздарды тоқыма өнеріне, пішуге, тігуге үйрететін шеберханалар, әдістемелік кабинеттер, мұғалімдер бөлмесі, әкімшілік-тұрмыстық бөлмелерден тұратын директор кабинеті, асхана, акт залы болады. Медициналық пункте дәрігерлік кабинет, емдеу бөлмесі, психолог және логопед кабинеті орналасады. Мектеп ауласында ойын және спорт алаңдары, одан бөлек екі командаға арналған алаң салынады. Дене шынықтыру-спорт аймағында алғашқы әскери дайындыққа және шағын футболға арналған алаңдар, баскетбол, жүгіру жолдары болады.

Мектептер биылғы жыл соңына дейін салынады.

Ауыл-аймақта жаңа мектептердің ашылуы білім беру сапасына оң әсер етуімен қатар халықтың елді мекендерде тұрақтап қалуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына өз септігін тигізері сөзсіз.

Нұртай Алтайұлы


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: