Алғаш рет дауыс берген елордалық студент: Мені зор қошеметпен қарсы алды

Елордалық студент Мирлан Дүйшалиев өмірінде алғаш рет сайлауға қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мирлан Дуйшалиев дауыс беру жауапты іс екенін әрі мұндағы ресми атмосфераны біртүрлі қабылдағанын мойындайды.

"Мен бірінші рет дауыс бердім және "кабинкадан" шыққанда қол шапалақтап, мені қошеметпен қарсы алды. Бұл менің сайлаудағы алғашқы тәжірибем. Мұнда кіріп келгенде тіз қатар тұрған үстелдерді көрдім, қайда барарымды білмедім. Комиссия мүшелерінен көмек сұрадым, бірінші рет дауыс беретінімді айттым. Олар мұны есте сақтап, дауыс беріп шыққанымда қол шапалақтап маған қошамет көрсетті". Мирлан Дүйшалиев

Ол сайлауға қатысу маңызды және қажетті іс деп санайды.

"Біздің мемлекетіміз демократиялық ел. Дауыс беру мүмкіндігін пайдалану маңызды. Неге ол мүмкіндікті пайдаланбасқа? Сайтқа кіріп, үміткерлермен таныстым, олардың тәжірибесі қандай, басқару қабілеттері бар ма дегендей сұрақтарға жауап іздедім. Бұл мен үшін маңызды нәрсе. Алда да сайлауға қатысып, дауыс беретін боламын". Мирлан Дүйшалиев

ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы 19 наурызда, жексенбіде басталды. Сағат 07: 00-де сайлау учаскелерінің көпшілігі ашылып үлгерді. 12 миллионнан астам азамат 19 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 20:00-ге дейін өз дауыстарын бере алады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: