Қазақстанның 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады

Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" синоптиктері Қазақстанның 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с.

Шымкентте таңертең және күндіз найзағай күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с сақталады. 

Қарағанды облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз облыстың оңтүстігінде 2 градус жылы болады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ақмола облысының түнде шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды