Жүрек жылуы: чемпион болғысы келетін Мадиярдың тілегі орындалады

Сурет: видео скрині
Қазақстанда мүгедектігі бар, зейнеткерлердің және көпбалалы отбасындағы балалардың тілегін орындайтын "Жүрек жылуы" акциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жүрек жылуы" акциясының волонтерлері Лана Кузнецова мен Мерей Қалелдің айтуынша, бұл сандықтағы тілектер міндетті түрде орындалады.

Сандыққа қазірге дейін 300-ге жуық хат жиналған, алдағы уақытта мұндағы хаттар саны өседі. Олар бұл туралы Jibek Joly арнасының эфирінде айтты.

Телеарна журналисі сандықтан бір хатты алып, Мадияр есімді баланың тілегін оқыды. Редакция болашақта чемпион болғысы келетін баланың тілегі міндетті түрде орындалатынын айтты.

"Менің атым Мадияр. Мен бокспен айналысқанды жақсы көремін. Маған үйде бокспен айналысуға бір бокс грушасы болса жақсы болар еді. Болашақта чемпион болуды армандаймын", - деп жазған ол.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та "Жүрек жылуы" акциясына қатысты. 

Волонтерлер Мемлекет басшысынан сандықтан алғашқы хатты алып оқуды сұраған.

Қасым-Жомарт Тоқаев хатты оқып, оның иесінің тілегі орындалатынын айтты. Сонымен қатар Президент осынау игі істі бастаған жастарға ризашылығын айтты.

Акцияның мақсаты – наурыз айы бойына халықтың әлеуметтік осал топтарына қамқорлық көрсетіп, көпбалалы отбасылардан, мүмкіндігі шектеулі жандардан, зейнеткерлерден келіп түскен хаттарда жазылған өтініш-тілектерді орындау.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады