Қазақстанда наурыз көже пісіру бойынша рекорд жаңарды

Астанада Наурыз мейрамына орай әзірленген ұлттық тағам рекорд орнатты, деп хабарлайды Zakon.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан рекорды орнатылғанын куәландыратын сертификат Астана әкімдігіне және Байқоңыр ауданының әкімдігіне берілді.

Барлығы 2 100 литр наурыз көже дайындалды. Рекорд 2023 жылғы 22 наурызында тіркелді.


Сурет: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Наурыз көжені дайындау үшін аспазшылар тура бір күнін арнады. Оған жүздеген келі бидай, күріш және ет жұмсалды. Ататүрік саябағында өтіп бара жатқан адамдарға дайын өнім ұсынылды.

"Екі тоннадан астам наурыз көже — абсолют рекорд. Бұрын бұл көрсеткіш түркістандықтарға тиесілі еді. Олар екі жыл бұрын 2 мың литр наурыз көже пісірген. Бүгін бұл рекорд ресми түрде жаңартылды". Гиннестің аймақтық қазақстандық рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов

Аспаз Гүлнәр Жұмабекованың айтуынша, наурыз көже көлемі 60-тан 150 литрге дейінгі бас-аяғы 10 қазанда дайындалған.

Ал осыдан кейін олар 95 литр болатын 20 бидонға құйылған.

Қазақстан Астана
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: