Қарағанды облысының өзендерінде мұз жару жұмыстары басталды

Сурет: Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
Қарағанды облысында 22 наурыздан бастап өзендерде мұзды ұсақтау және қопсыту бойынша жарылыс жұмыстары басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұқар-Жырау ауданындағы Ботақара, Мұстафина, Жастілек, Петровка және Теміртау қаласындағы 7 учаскеде 3390 шаршы метр аумақта кесу-жару жұмыстары жүргізілді.

"23 наурыздағы жағдай бойынша облыста су тасқыны жағдайы тұрақты. Елді мекендерді су басып, жолдарды су шаю тіркелген жоқ. Белсенді су басу процестері байқалмайды. Ғарыштық мониторинг деректері бойынша облыстың  69 пайыз аумағын қар жауып тұр. Самарқанд су қоймасынан көлемі 15 м3/с, ағыны 7,5 м3/с, Ынтымақ су қоймасынан 8 м3/с, ағыны 16,7 м3/с су төгу жалғасуда. Шерубай-Нұра су қоймасынан ағындар жоқ". Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Облыста 4 845 бірлік және 463 көпір көлемінде су өткізу құбырларын тазарту жұмыстары аяқталды.

Қар тазалау жұмыстары жалғасып жатыр, облыстан 2 млн 238 мың м3 қар шығарылды. 135 шақырым дренаждық траншеялар кесіліп, 185 шақырым каналдар мен арықтар тазартылды.

Өңірде 22 наурыздан бастап өзендерде мұзды ұсақтау және қопсыту бойынша жарылыс жұмыстары басталды. Бұқар-Жырау ауданындағы Ботақара, Мұстафина, Жастілек, Петровка және Теміртау қаласындағы 7 учаскеде 3390 шаршы метр аумақта кесу-жару жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды