Абай облысы ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Наурыз мейрамын атап өтті

Сурет: Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі
Абай облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті қызметкерлері наурыз мейрамын салтанатты түрде атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мейрам Абай облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты түзеу мекемелері арасында сайыс ретінде ұйымдастырылып, сайыс спорттық-мәдени іс-шаралардан тұрды. Мейрамға қылмыстық атқару жүйесі департаменті қызметкерлері ғана емес, сонымен бірге қала тұрғындары қонақ ретінде қатысып, қызметкерлердің ұйымдастырған концерттік бағдарламаларын тамашалап, тігілген қазақ үйінде жайылған дастарханнан дәм татты. 

"Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлерінің бүгінгі Наурыз мейрамына ұйымдастырған іс-шарасы өте жоғары деңгейде өткізілді. Өткізілетін іс-шара туралы естіп, балаларыммен тамашалауға келдік. Мейрам қатты ұнады, әсіресе, көп жерде көре бермейтін ойсыл қараның (түйе) болғаны қатты таңғалдырды, сонымен бірге Қазақтың жеті қазынасы құмай тазы, қыран-бүркіт, жүйрік атта болды. Салт-дәстүрімізді дәріптеп осындай іс-шара ұйымдастырып отырған ҚАЖ департаменті басшылығына ризашылығымызды білдіреміз" - деді қала тұрғыны.

Сурет: Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Абай облысы қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығы Ерсайын Мұхамедиярұлы тұрғындарды Наурыз мейрамымен құттықтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі