Синоптиктер 31 наурызға арналған ауа райы болжамын айтты

Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылдың 31 наурызына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің солтүстік, орталық облыстары жауын-шашынсыз, салқын ауа райы күтілетін суық антициклонның ықпалында болады. Қазақстан Республикасының қалған аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жауын-шашын, оңтүстік-шығыста – қар аралас жаңбыр, республиканың оңтүстігі мен батысында – қатты жаңбыр жауады.

Синоптиктердің болжауынша, оңтүстікте – өте қатты жел, шаңды дауыл, оңтүстік-батыста – найзағай ойнап, тұман түседі.

"Оңтүстікте, Жетісу, Алматы облыстарының таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын күтіледі. Түркістан облысының таулы аймақтарында, Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қатты жаңбыр жауады". «Қазгидромет» РМК

Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл облыстарында қатты жел соғады.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел түнде 3-8 м/с, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -7-9°С, күндіз +2+4°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 3-8 жел соғады, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +10+12°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыстан 8-13, күндіз екпіні 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +21+23°С.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады