Көктемде Алматыда 10 мың ағаш егіледі

Сурет: Алматы әкімдігі
Алматыда жыл сайынғы жапырақты және қылқын жапырақты ағаштарды егу маусымы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылдың көктемінде 10 мыңнан астам, оның ішінде "Жасыл аула" науқаны аясында тұрғындармен бірлесе отырып, ағаш егу жоспарланған.

Қала тұрғындарына барлығы 2638 ағаш көшеттері беріледі. Шегіршін, сәнағаш, шаған мен қайыңның көшеттері 1,2 және 8,9 сәуірге жоспарланған. Науқан қатысушылары өзі еккен ағаштарды алдағы үш жыл бойы күтіп-баптауға міндеттелген.

Жалпы ағаш егу маусымы мамыр айының соңына дейін жалғасады.

Негізгі ағаш егу науқаны күз кезінде жүзеге асырылады. Биыл күзде 300 мыңнан астам ағаш егу жоспарланған. Ағаштың көбі қаладағы Алатау және Наурызбай аудандарына егіледі.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты