Жетібайдағы жұмыссыз тұрғындар наразылықты тоқтатты

Сурет: Қарақия ауданы әкімдігі
Маңғыстау облысындағы Жетібай тұрғындары 27 наурызда жариялаған аштық акциясын тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аштық акциясына 50-ге жуық жұмыссыз ауыл тұрғыны қатысты. Олар мұнай өнеркәсібіне жұмысқа орналастыруды талап етті.

"Жергілікті атқарушы органдар жүргізген түсіндіру жұмыстарынан кейін шараға қатысушылар өз әрекетін тоқтату туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады әкімдік.

Өз кезегінде Қарақия ауданының әкімдігі облыс әкімдігінің облыстық басқармалары, аудан прокуратурасы және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп, наразылық білдірген жұмыссыздарға түсіндіру жұмыстарын жалғастырды.

"Жергілікті атқарушы органдар, қоғам белсенділері және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары Маңғыстау облысының тұрғындарын жұмыспен қамту мәселелерін шешу бойынша алдағы уақытта да жұмысты жалғастыратын болады" Қарақия ауданының әкімдігі

Маңғыстаудағы ірі құрылыс компаниялары Жетібайда жолды жапқан ауыл тұрғындарына жұмыс ұсынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап кетті