Қазақстанда ертең "Уылдырық" науқаны басталады

Cурет: polisia.kz
Уылдырық шашу кезеңінде балық қорының түрлерін сақтау мақсатында экология және табиғи ресурстар министрлігімен елімізде 5 сәуір мен 5 маусым аралығында "Уылдырық" балық қорғау науқаны өткізіледі, деп хабарлады Zakon.kz.

Ішкі істер минситрлігінің хабарлауынша, республиканың әр облысында өңірлік ерекшеліктерін ескере отырып тыйымның мерзімі белгіленген.

Құзырлы мемлекеттік органдардың қызметкерлері тыйым салынған кезде балық аулау, балық өнімін заңсыз сатып алу және сату, алып жүру фактілерін анықтауға назар аударады.

Аталмыш тыйымды бұзғаны үшін заңмен 10 нан 40 АЕК көлемінде айыппұл ретінде әкімшілік жауапкершілік (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 383-бабы) және 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру ретінде қылмыстық (ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы) жауапкершілік қарастырылған. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды