"Идеологиялық тұрғыдан ескірген". Бородулиха ауданындағы көшелердің атауы ауыстырылады

Сурет: Zakon.kz
Абай облысының Бородулиха ауданындағы идеологиялық тұрғыдан ескірген көшелерге ұлт зиялыларының есімі беріледі. Мәселен, биыл Дмитриевка ауылындағы Ленин көшесін - Абай, Киров көшесін - Жібек жолы деп атау жоспары бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірде былтыр 9 көшенің атауы өзгерген. Алайда ауданда атынан мән кеткен ауылдар әлі де аз емес. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олардың түпкі тарихи атауы бар, деп хабарлайды "Хабар 24".

Мысалы, Новопокровка - Жұра, Камышенка - Қамысты, Михайловка - Мықы, Дмитриевка - Шұңқыр ащы, Бородулиха - Үлкен көл, Ивановка - Маралбай, Переменовка - Бәйгетөбе, Орловка - Қыранды, Буркотова - Бүркітті деп аталған.


"Абай облысы жеке өңір болып жатыр. Соның ішінде өзге ұлт өкілі басым жердің бірі Бородулиха. Бұрын мүмкіндік болмады. Енді барлық ауылдар бұрынғы тарихи атауын алса деп ойлаймыз". Новопокровка ауылының тұрғыны, әдебиет зерттеушісі Әбілсерік Әлиәкбар


"2019 жылы Ақши, Жарбұлақ, Құнарлы, Қарағайлы, Жақсылық деген атаулар берілді. Биыл да бұл жұмыстар жалғасады. Тұрғындардан ұсыныс түссе, өздері жиналыста талқыласа қарастырамыз".Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары Нұргүл Жақсылықова



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін