Денсаулық сақтау министрлігі вирустық гепатитті емдеудің жаңа тәсілдерін бекітті

Сурет: pixabay
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "Қазақстан Республикасында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" стандартты әзірлеп, бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Стандартта созылмалы вирустық гепатиттермен (СВГ) және асқазан-ішек жолдарының басқа да ауруларымен ауыратын пациенттерге медициналық көмек көрсету тәртібі көрсетілген.

Сонымен қатар құжатта ҚР тұрғындарына гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсету деңгейлері (медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдары, гастроэнтерологтың мамандандырылған кабинеті, гепатологиялық орталық, көп бейінді ауруханалар құрылымындағы гастроэнтерологиялық бөлімшелер/төсектер) құрылымдалған.

СВГ-ға зерттеп-қарау жүргізудің алгоритмі мен мерзімдері (ПТР, фиброскан, гастроэнтеролог / инфекционист дәрігердің консультациясы және т.б.) егжей-тегжейлі жазылған.

СГВ бар пациенттерді вирусқа қарсы терапиямен (ВҚТ) қамтуды жақсарту мақсатында бейінді маманның (гастроэнтеролог немесе инфекционист) МСАК деңгейіндегі консультациялық қорытындысы негізінде гепатологиялық орталыққа бармай-ақ, "С" (F0-F2) вирустық гепатиті фиброзының жеңіл сатыларында вирусқа қарсы терапияны тағайындау схемасы жеңілдетілді.

Шетелдік тәжірибені ескере отырып, "бір терезе" қағидаты бойынша оларда ілеспе СВГ анықталған кезде АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдардың ЖИТС орталықтарында вирусқа қарсы терапия алу мүмкіндігі туралы норма енгізілді. Олар сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша МСАК ұйымында вирусқа қарсы терапия ала алады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі