Маска таққан бейтаныс ер кісіі адамның басы салынған пакетті базарға тастап кеткен. Шұжық дүкенінің сатушылары затын ұмытты екен деп, ер адамның соңынан сыртқа шықса, ол ізім-ғайым жоғалған.
Пакеттің ішіндегі басты көрген саудагерлер бірден полиция шақыртқан. Ал марқұмның денесі басқа жерден табылды. Тәртіп сақшылары өлген әйелдің кім екенін анықтады.
Саудагер Алдияр Әбиболла күдіктіні өз көзімен көрген.
"Күдікті осы жерде жүрді, көзілдірік пен маска тағып алған. Көк күрте киіп, ары бері жүрген еді. Пакетті ол біздің көрші дүкенге тастады. Дүкеннің ішіне тастады. Сосын сыртта тексеріп ашып қараса, адамның басы. Саудагер Алдияр Әбиболла
Кейбіреуінің айтуынша, марқұмның денесі Сейфуллин мен Шолохов көшелерінің қиылысындағы саябақтан табылған. Алайда полиция бұл қылмыстың мән-жайы туралы ашып айтпаған. Ал әлеуметтік желіде басы кесілген мәйіттің фотосы тарады. Кейін полиция ресми растады.
Саябақ маңындағы қараусыз қалған ғимарат жанынан таңғы 9 шамасында әйелдің мәйіті табылған. Марқұм 1976 жылы туған әйел, бұрын бірнеше рет сотталыпты.
"Тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған. Біраз уақыттан кейін сол маңдағы сауда орындарының бірінен әйелдің басы табылды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қылмысты ашуға және оның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр". Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек