Шымкентте 10 жастағы баланың миынан бір уыс құрт шықты

Сурет: otyrar.kz
Шымкенттік дәрігерлер 10 жастағы баланың миынан бір уыс құрт алып шықты. Оқушыға "Асар" шағынауданындағы қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері ота жасады, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Нәтижесінде миындағы эхинококк кистасын хирургиялық жолмен алып тастады. Жалпы ота екі сағатқа созылған. Отадан кейін науқас бала екі тәулік реанимацияда жатып, кейін жалпы палатаға шығарылған. Дәрігерлер бас миынан құрт табылған баланың қазіргі жағдайы жақсы екенін айтты.

"Сәуір айында 10 жасар бала қалалық балалар клиникалық ауруханасына түсті. Жоспарлы түрде балаға ота жасалып, құрт тәрізді эхинококк кистасы алынды. Баланың диагнозы МРТ арқылы анықталған. Науқастың басы ауырған, сол белгілері бойынша ауруы анықталды". Шымкент клиникалық балалар ауруханасының дәрігер-нейрохиругі Самат Көкшікбаев

Отадан кейін бір аптаға жуық ауруханада жатқан науқасты дәрігерлер үйіне шығарды. Қазір мектеп оқушысы жергілікті емханадағы дәрігерлердің бақылауында.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды