Ақтөбе облысында қоқыстан табылған баланың анасына қатысты іс жабылды

Сурет: pixabay
Ақтөбеде қоқыс полигонынан шақалақ табылып, қылмыстық іс қозғалғанымен, арада 6 ай өткенде іс жабылды. Себебі бала өлі туған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 2022 жылғы 23 қазанда Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында болды.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарғалы ауданы полициясының кезекші бөліміне Қарғалы ауданы Бадамша ауылы маңындағы "Рождество-Дөң" тасжолының бойында орналасқан қоқыс полигонынан қара полиэтилен пакеттен шақалақтың денесі табылғаны анықталды.

"Оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберілді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабы, яғни "Анасының жаңа туған нәрестені өлтіруі" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, баланың анасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр". Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Арада 6 ай уақыт өткенде істің қысқарғаны белгілі болды.

"Қылмыстық кодекстің "Анасының жаңа туған нәрестені өлтіруі" бабы бойынша іс қозғалғанымен, сараптама қорытындысынан кейін баланың өлі туғаны белгілі болды. Қылмыстық құрам болмаған соң іс жабылды", - деді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды