Түнде Алматы тауларында шетелдік студент жоғалып кетті

Тауғ Алматы, Көкжайлау шатқалы, шетелдік студент, адасу, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2026 09:36 Сурет: pexels
Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Көкжайлау шатқалы маңында таудан түсіп келе жатқан бір топ туристтің бірі артта қалып қойған, ал оған қоңырау шалғанда телефоны сөндірулі болып шықты. Сол себепті түнде ТЖМ құтқарушылары көмекке шақырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көмек сұрағандардың айтуынша, оның ұялы телефоны байланыс аймағынан тыс жерде болған.

"Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ "Барыс" республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары жедел түрде аттанды. Оқиға орнына жеткеннен кейін құтқарушылар таулы аумақты тексеруге кірісті. Іздестіру жұмыстары түнгі уақытта, көріну мүмкіндігі шектеулі жағдайда жүргізілді. Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде Көкжайлау шатқалынан төмен орналасқан аумақта туристік топтан қалып қойған Иран азаматы, студент жігіт табылды". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жас жігіт тау беткейінде ұйықтап жатқаны белгілі болды.

Тексеру барысында оған медициналық көмектің қажет еместігі анықталды. Құтқарушылар оны қауіпсіз жерге жеткізіп, таудан аман-есен түсірді.

Бұған дейін Алматы тауларында үш күн байланысқа шықпаған турист аман-есен табылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: