Алматыда 2 мың ата-ана вакцинадан бас тартқан

Сурет: Zakon.kz
Елімізде қызылшаға шалдыққандардың саны 180-нен асып кетті. Бірақ, соған қарамастан 2 мыңнан астам ата-ана балаларына жұқпалы ауруға қарсы екпе салдыртудан бас тартып отыр.

Дәрігерлер мұның соңы қайғылы оқиғаға әкеп соқтыруы мүмкін деп дабыл қағуда. Өйткені балалар арасында А гапатитін жұқтыру жиілеген. 

Наурыз айының орта тұсында тарала бастаған жұқпалы ауруға шалдыққандардың дені Алматы тұрғындары. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы берген мәліметке сүйенсек 26 адам қазір ауруханаларда ем қабылдап жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Қызылша жұқтырған алматылықтардың 80 проценті 14 жасқа дейінгі балалар. Осыны негізге алған дәрігерлер мегаполисте вакцина алуы керек 8 мың бала мерзімінен кешігіп жатқанына алаңдаулы. Қазір мемлекеттік және жекеменшік емханаларда тегін екпе салу жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ ата-аналардың басым бөлігі вакцинациядан үзілді-кесілді бас тартып отыр. Мамандардың айтуынша, әлі күнге дейін қызылша ауруының нақты бір емі табылмаған. Ал, екпе сырқаттың алдын алуға жәрдемдеседі дейді ақ халаттылар.

"Егілмеген балаларда инфекция ауыр түрде, көп жағдайда асқынуларға алып келеді. Пневмония – өкпенің қабынуы, вирустық қабыну емі жоқ. Көп жағдайда өлім-жітімге әкеп жатады. Балаларда ғана емес ересек адамдар арасында. Одан басқа көздің қабынуы кезінде адам өмір бойына соқыр болып қалуы мүмкін. Сол сияқты мидың қабынуы." Нұршай Әзімбаева, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы

Қызылша жыл сайын таралатын ауру. Дегенмен былтыр елде аталған вирусты жұқтырған 4-ақ адам тіркелген болса, биыл сырқаттанғандар 187-ге жетті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды