Ақтөбеде үй өртеніп, екі бала мерт болды

Сурет: pixabay
Ақтөбеде жер үй өртеніп, екі бала ажал құшты. 4 жасар қыз бен оның 10 жастағы ағасының мәйітін құтқарушылар үйіндінің арасынан тапқан. Өрт күш алғанда балалар шеткі бөлмеде ұйқыда жатыпты, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Өрт түнгі 4 шамасында тұтанған. Сол кезде үйдің ішінде балалардың анасы мен ата-әжесі болған. Көршілері өрт шыққанын байқап, бірден өрт сөндірушілер мен жедел жәрдемді шақыртқан.

От 40 шаршы метрді шарпыған. Бір сағаттың ішінде асүй, үйдің кіреберісі мен шатыры күлге айналған.

Шеткі бөлмеден шыға алмай қалған ағасы мен оның қарындасын құтқару мүмкін болмапты. Ал денесін күйік шалған 69 жастағы зейнеткер қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Екі баласынан айырылған әйелдің жағдайы да өте ауыр, оған ыс тиіпті.

"Өртті сөндіруге жеке құрамның 16 адам және 3 арнайы техника жұмылдырылды. Өрт 04:41-де ауыздықталып, 04:49-да толық сөндірілген. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Ақтөбенің төтенше жағдайлар басқармасы өрт қауіпсіздігін, қарапайым қағидаларды сақтауға шақырады".Ақтөбе төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Айбат Жанабергенов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады