"Пәтерден алып шыққанда көрдім, түрі аппақ қудай болып кеткен. Үсті-басы қара күйе, үйінің ішінен қара түтін бұрқырып шығып тұрды. Өте жақсы адам еді. Қолынан келген көмегін аямайтын". Марқұмның көршісі Галина Иванова
Марқұмның пәтері түтіндеп жатқанын көршілері көріп, дереу өрт сөндірушілерді шақырған. Құтқарушылар тұрғындарды түгел далаға шығарыпты. Сөйтсе, бөлмедегі төсек өртеніпті. Үй иесінің өзі алты жерінен пышақталған.
Көршілерінің айтуынша, ол күйеуі өлгелі бірнеше жылдан бері пәтерде жалғыз тұрып келген. 2008 жылдан бері "Арселор Миттал Теміртау" компаниясының заңгері болған. Әріптестері марқұмды өз ісін жетік меңгерген білікті маман еді дейді. Заңгердің өлімі кәсіби қызметіне қатысты болуы мүмкін деген де болжам бар. Оны тәртіп сақшылары анықтап жатыр.
"Шахтинск қаласында пәтерде болған өрттен кейін денесінде зорлық- зомбылық белгілері бар азаматшаның мәйіті табылу фактсі бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-тармағы, яғни адам өлтіру дерегіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Қазір полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау және қылмысты ашу бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіп жатыр".Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров