Шымкентте салмағы 6 келіден асатын бала дүниеге келді

Сурет: otyrar
2023 жылғы 3 ақпанда Шымкенттегі перинаталдық орталықта салмағы 6 келі 50 грамм бала дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, баланың туған кездегі бойы 63 сантиметр болған. Анасына кесар тілігі арқылы ота жасалған.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл - оның екінші баласы. Операция сәтті өткен, бала мен ананың жағдайы жақсы. 

"Перинаталдық орталығымызда күн сайын 30-дан астам сәби дүниеге келеді. 2023 жылғы 3 ақпанда бізге жүктіліктің 39-аптасындағы әйел түсті. Тексере келе іштегі нәрестенің өте үлкен екенін анықтадық. Содан кеңесіп, кесар тілігі арқылы босандыру керек деп шештік. Операция сәтті аяқталды. Содан кейін ана мен бала 5 күн бойы біздің бақылауымызда болды, содан кейін шығарылды".Акушер-гинеколог Данияр Жарқынов

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды