Алматыда 2 мамырдан бастап балаларды тегін секциялар мен үйірмелерге қабылдау басталады

26 сәуірден бастап Алматыда мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды орналастыру үшін жеткізушілерден өтінімдер қабылдана бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінгі таңда қолданушыларға қосымша мүмкіндіктер ұсынатын әрі ыңғайлы www.damubala.kz ақпараттық жүйесіне көшу жұмыстары аяқталды.

3 наурыздан бастап Алматы қаласы әкімдігі мемлекеттік шығармашылық тапсырысты және мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру жөніндегі өкілеттіктерді аудан әкімдіктеріне берді. Мемлекеттік тапсырыстарды үйлестіруді аудандарға беру бағдарламаны іске асыру барысында көптеген кемшілікті болдырмауға мүмкіндік береді.

"26 сәуір сағат 9:00-ден бастап операторлар бағдарламада бұрын жұмыс істегендер үшін де, жаңа үміткерлер үшін де жеткізуші ретінде жұмыс істеуге  өтінішін тіркеуді бастайды", – делінген хабарламада.

2 мамыр күні сағат 18:00-ден бастап ата-аналар балаларын порталдағы үйірмелер мен секцияларға тіркей алады.

Алматы қаласының ата-аналары мен жеткізушілері үшін платформа әзірлеушілерінің қолдау көрсету қызметі бар:

Анықтама үшін қосымша байланыс нөмірлері:

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ArtSport бағдарламасы аясында ақша жымқыру фактісіне қатысты жүргізілген тексерулер бойынша Zakon.kz жолдаған сауалдарға жауап берді.

Ерболат Досаев Artsport бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы пікір білдірді. Оның сөзінше, қаладағы барлық есепте тұрған балалардың ішінде балалардың төрттен бірі бағдарлама шарттарына сай келмейтіні анықталған. Тексеру комиссиясы мен прокуратураның мәліметінше, 20 мыңнан астам баланың Алматыға еш қатысы жоқ. Мысалы, 2500-ден астам баланың ЖСН-і жарамсыз. Ал 18 мың бала Алматы қаласының тұрғыны емес. Осындай жағдайлар үшін бюджеттен 2,5 млрд теңге артық төленген.

Алматы әкімі Ерболат Досаев «ArtSport» бағдарламасы бойынша 2022 жылы бөлінген 20 миллиард теңгенің 2,5 миллиард теңгесі ұрланғанын айтты. Сондықтан баланың келгенін жазып алатын арнайы QR-код енгізіледі.


Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: