Қорғаныс министрлігі әскери шеруден үнемделген қаржы қайда жұмсалатынын айтты

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
9 мамырда Қазақстанда әскери шеру өткізілмейтін болды, Қорғаныс министрлігі одан үнемделген қаржы қазақстандық армияны даярлауға бағытталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қарулы күштері Бас штабы Жедел жоспарлау департаменті бастығының орынбасары полковник Дәурен Абдуллин әскери шеру өткізуден бас тартуға бюджетті үнемдеу себеп болғанын атап өтті.

"9 мамырда парад болмайды. Қорғаныс министрлігі үнемделген қаражатты жауынгерлік әзірлікті сақтауға және әскерлердің ұтқырлығын арттыруға жұмсайды". Дәурен Абдуллин

Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ынтымақтастығы аясында Мәскеудегі әскери парадқа қазақстандық әскери қызметкерлердің қатысуы мәселесі көтерілмегенін айтты.

Қорғаныс министрлігі 2023 жылғы 9 мамырда әскери шеру болмайтынын хабарлаған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты