Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қанша ардагер қалды

Сурет: Zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, елімізде Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 237 ардагер қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы министр 26 сәуірде Мәжіліс кулуарында айтты.

"Бүгін таңертең қарадым. 237 адамды  (Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері. – ред.). 9 мамырда оларға барлық облыстар бойынша тиісті материалдық ынталандыру төленеді. Барлығында бірдей, бірақ кей өңірде одан да көп болуы мүмкін. Әкімдіктердің ұсынысы бойынша, кем дегенде 1,5 млн теңге". Тамара Дүйсенова

Осыған дейін Астана қаласы мәслихаты Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне және Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын басқа адамдарға, атап айтқанда соғыста қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне Жеңіс мерекесіне байланысты қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім әзірлеген еді. Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын әрбір Екінші дүниежүзілік соғыс ардагеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне қосымша 800 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету туралы ұыныс айтылды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады