Үсік жүреді: 3 мамырға арналған ауа райы болжамы

Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 3 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, ауқымды антициклон республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райына әкеледі.

"Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыс пен шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады", – дейді синоптиктер.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, батыста шаңды дауыл тұрады, солтүстікте, солтүстік-шығыста тұман болжанды.

Түнде Алматы облысының таулы аймақтарында, солтүстікте, орталықта, Жетісу облысының таулы аймақтарында, солтүстікте, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының шығысында Жамбыл облысының таулы аймақтарында 1-7 градус үсік жүреді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 3-8 м/с болады. Ауа температурасы түнде -3-5°С, күндіз +12+14°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +12+14°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні 15-20, күндіз 23 м/с болады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +24+26°С.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған