Алматыда кене шаққан 356 тұрғын дәрігерлер көмегіне жүгінген

Сурет: pixabay
Бір адамнан кене энцефалиті анықталған. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары мәлімдеді.

Кене шағуынан зардап шеккендердің барлығына кенеге қарсы иммуноглобулин енгізіліп, жедел көмек көрсетілген. Мамандардың айтуынша, күн ысығанда кенелер белсенді бола түседі, деп жазады Хабар 24 арнасы.

"Кене энцефалитінен қорғанудың ең тиімді әдісі – оған қарсы вакцинация алу", - дейді мамандар.

Екпелерді қалалық емханаларда дәрігермен кеңескеннен кейін тегін алуға болады.

Айта кетейік, наурыз айында Алматыда адамдар көп жүретін саябақтар мен скверлерге кенеге қарсы дизинфекциялық өңдеу жасалған болатын. Өңдеудің екінші кезеңі мамыр айының соңында басталады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі