Жеке практикамен айналысатын азаматтар жеке табыс салығын 5 мамырға дейін төлеу міндетті

Сурет: Zakon.kz
2023 жылдың 5 мамырында жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу мерзімі аяқталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, ЖТС төлеу жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың 2023 жылдың сәуір айында алған табыстары бойынша жүзеге асырылады.

Жеке практикамен айналысатын адамдардың кірістері – атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырудан, нотариаттық, адвокаттық, кәсіби медиаторлық қызметті жүзеге асырудан, оның ішінде тиісінше заң көмегін көрсетуге, нотариаттық іс-әрекеттер жасауға ақы төлеуден алынған кірістердің барлық түрлері. 

Сондай-ақ, ЖТС қорғаныс пен өкілдікке байланысты шығындарды өтеудің алынған сомаларына жатады.

ЖТС сомасы жеке практикамен айналысатын тұлғаның салық салынатын табысының сомасына 10% мөлшерлеме қолдану арқылы ай сайын есептеледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды