Ақтаулық әйел жаңа туған нәрестені сатпақ болған

Сурет: polisia.kz
Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына жаңа туған нәрестені саудалау фактісі бойынша хабарлама түскен, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

4 мамыр күні сағат 13:00 шамасында облыс прокуратурасының үйлестіруімен полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша жаңа туған сәбиді сатып, ақша алған 35 жастағы күдіктіні ұстады.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері жаңа туған нәресте тапсырылған 38 жастағы күдіктіні ұстады.

Бала сот шешімі шыққанға дейін Ақтаудағы облыстық мамандандырылған балалар үйіне орналастырылды.

Осы дерек бойынша Маңғыстау облысы полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді басталды. Күдіктілерден мойындау жауаптары алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі