Қостанайдағы әлеуметтік жатақхананың бірінде қандала қаптап кеткен

Сурет: pixabay
Қостанайдағы әлеуметтік жатақхананың бірінде қандала қаптап кеткен. Тұрғындар бұл зарарсыздандыру жұмыстарының уақытында жүргізілмеуінің салдары дейді.

Зиянкестер жайлаған жатақханада әлеуметтік аз қамтылған топқа жататын 64 отбасы тұрады, деп жазады qazaqstan.tv.

Адам саны 200-ден асады. Олар 4 жылдан бері зиянкестерді жою үшін ешқандай кешенді шара жүргізілмегенін айтады.

"Ешқандай дезинфекция болған жоқ. Қандаланың көптігінен мұнда тұру қиындады. Түрлі зарарсыздандырғыш заттар сатып алып, өз бетімізше күресіп жатырмыз. Бірақ одан нәтиже шамалы." Олеся Горбатовская, жатақхана тұрғыны

Бұл жатақхана қалалық тұрғын үй қатынастары бөліміне қарайды. Мамандар әр тоқсан сайын тиісті шаралар жүргізіледі деп отыр. «Ал қандаланың қаптауына тұрғындардың өздері кінәлі. Мысалы олардың дені бұрын ұсталған ескі жиһаздарды сатып алады. Зиянкестер солармен бірге келеді», - дейді. Кешенді дезинфекция жұмыстарын жүргізу үшін жатақхана тұрғындарын жаппай шығару керек. Ал олардың басқа барар жері, басар тауы жоқ.

"Адамдар өздері кінәлі. Нәрсенің бәрін сырттан әкеледі.Сосын жиналмайды бөлмелері. Коридор, кухня таза болмайды. Неше түрлі тастайды." Меруерт Көпенова, жатақхана коменданты

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды