Ақмола облысында медицина қызметкерлері өтемақысыз қалды

Сурет: pxhere
Ақмола облысы Бурабай ауданында 600-ден астам медицина қызметкері жылына бір рет төленетін сауықтыруға арналған өтемақыдан қағылды.

Щучинск қаласында орналасқан көпбейінді аурухана осыдан 6 жыл бұрын жекеменшікке өтіп кеткен. Жұмысшыларға осы уақытқа дейін жәрдемақы мезгілінде төленіп келген.

Алайда биыл серіктестік басшылары облыстық денсаулық сақтау басқармасына да, әкімдікке де ескертпестен төлемді өз беттерінше қысқартып тастаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Онымен қоймай, қызметкерлерге де заңда белгіленген мерзімде еңбекақы төлеу шартының өзгергені туралы хабарламаған.

"Жәрдемақыдан қағылған жұмысшылардың еңбек шарттарын қай қарап шықтық. Онда қызметкерлерге өтемақы төлеу туралы ереже қарастырылмаған. Алайда 2023-2025 жылдарға арналған салалық келісімде денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне жыл сайын сауықтыруға арналған төлем төленуі тиіс. Қазіргі уақытта ақ халаттылар өз құқықтарын қорғау үшін уәкілетті органдарға хат жазып, өтемақының төленуін талап етуде." Зарина Рүстемова ,Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Үй жинаймын деп хантавирус жұқтырып алмаңыз - дәрігер

"Сарбаз" газеті 90 жылдығын атап өтті

Маңғыстау облысында ұлыбританиялық туристер мінген автокөлік сорға батып қалды

Қайыршылықты кәсіп қылғандар көбейіп барады

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады