Қазақстан көлік, уран, мұнай экспортын айтарлықтай арттырды

Сурет: pixabay
Қазақстан тауар позициясын кеңейтіп қана қоймай, экспорт географиясын кеңейтуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Қайрат Төребаев өңдеу өнеркәсібі өнімдерін экспорттаудағы жетістіктерге тоқталды. Мәселен, оның айтуынша, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында өңделген өнімдердің сыртқы саудасының жалпы көлемі $18,8 млрд құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32%-ға жоғары. Осы кезеңде шикізаттық емес тауарлар экспорты 7,6%-ға өскен 5,9 млрд долларды құрады.

"Экспорттың өсуі тауарлық позициялардың санын ұлғайту есебінен де қамтамасыз етілді. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында экспортқа жіберілген тауар ассортименті 767 тауар позициясына өсті. Экспорт географиясы да кеңейіп келеді. Қазақстанның шикізаттық емес экспорты Биылғы жылы әлемнің 106 еліне жөнелтілді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 6 елге көп. Өңделген тауарлардың негізгі импорттаушылары Ресей, Қытай, Өзбекстан, Түркия, Нидерланды, Ұлыбритания, Жапония, Қырғызстан, Грузия, Ауғанстан болды", - делінген хабарламада. 

Негізгі экспортталатын тауарлар – мыс және катодты мыс, ферроқорытпалар, уран, мұнай өнімдері, легирленбеген болаттан жасалған ыстықтай илектелген жалпақ болат, күміс, бидай немесе қара бидай ұны, мырыш және табиғи газ.

Бұл ретте экспорт өсімі келесі тауарлар бойынша тіркелді:

2 мамырда Сауда және интеграция министрлігінің басшысы Қазақстан бірнеше рет агрессивті экспортқа, әсіресе көкөніс өнімдеріне тап болып отырғанын айтты.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі