Түркістан облысында 20 адам суға кеткен

Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысында шомылу маусымы басталмай жатып 20 адам суға кеткен. Ажал құшқандардың 15-і кәмелет жасына толмаған балалар екені анықталып отыр.

Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті суға батқан балалардың барлығы дерлік ата-ана назарынан тыс суға түскенде жазатайым оқиғаның құрбаны болғанын айтады.

Осыған орай өңірдегі су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілетін болады, деп жазады qazaqstan.tv.

Шомылуға арналған арнайы орындар ашылады.

Ол жерлер арнайы құтқарушылармен қамтамасыз етіледі. Айта кетейік, облыста өткен жылы 37 адам суға батса, оның 29-ы балалар болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды